ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ЖЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АУЫСТЫ - ТАҒАЙЫНДАУ

Уақыты: 05.10.2022
Оқылды: 1733
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ермек Омарұлы ӘПЕКОВ Жетісу облысының жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ермек Омарұлы 1978 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Алматы технология университетін «ветеринарлық санитария», «кәсіпорындағы экономика және басқару» мамандықтары бойынша бітірді.

Еңбек жолын Іле ауданы Өтеген батыр кентінде Алматы облыстық ветеринарлық зертханада мал дәрігер болып бастады.

Әр жылдарда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Алматы облысы Балқаш аудандық аумақтық басқармада бас маман-ветеринарлық инспектор, Балқаш аудандық тұрғын үй-тұрмыстық шаруашылық бөлімінде, қалақұрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман, облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінде облыс әкімінің бас инспекторы, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары болды.

2022 жылғы маусымнан – Қаратал ауданы әкімінің орынбасары.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"