Білім грантының конкурсына 83 мың өтініш түсті

Уақыты: 19.07.2023
Оқылды: 1326
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

19 шілдеге дейін білім грантын тағайындау конкурсына 83 мың өтініш келіп түсті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Талапкерлердің басым бөлігі құжатын үш республикалық маңызы бар қаланың жоғары оқу орындарына тапсырып жатыр: Алматы (34 мың), Астана (16 мың) және Шымкент (5 мың).

Талапкерлердің таңдауы ішінде ең сұранысқа ие бағыттар қатарында «Педагогикалық ғылымдар» (22 мың), «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» (16 мың) және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (11 мың) қалып отыр.

Білім беру бағдарламаларының тобына келетін болсақ, ең көп өтініш «Ақпараттық технологиялар» - 9 мың.

Ары қарай «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» - 5 мың өтініш келіп түскен. Үшінші орында «Медицина», оны 4 мың талапкер таңдаған.

Естеріңізге сала кетсек, 20 шілде - грант конкурсына өтініш қабылдаудың соңғы күні.

Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асады.

Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейді. Құжаттарды кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.