Оқушылар 25 мамырға дейін оқитын болды

Уақыты: 25.08.2023
Оқылды: 848
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Жаңа оқу жылынан бастап мектеп оқушылары қайта 25 мамырға дейін оқиды. Бұл туралы Еңбек министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

«Оқу жылын ұзарту туралы шешім жалпы дұрыс. Бірақ, асығыстықпен жүзеге асты. Сондықтан 34 апталық оқу жылын кері қайтаруды ұсындық. Ал, ұзартуды 2025 жылы қайта қараймыз», - деді министр.

Еске салайық, Білім және ғылым министрі болған Асхат Аймағамбетов еліміздің білім беру жүйесіне бірнеше реформа енгізген болатын. Ол оқу жылын 25 мамырда емес, 1 маусымда аяқтауға бұйрық шығарған. Бұған ата-аналардың біразы наразылық танытты.

Сурет ғаламтордан алынды