ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 50 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ БІР ТОП ҚЫЗМЕТКЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Уақыты: 27.10.2022
Оқылды: 1940
Бөлім: РУХАНИЯТ

Жетісу университетінің 50 жылдық мерейтойына орай жоғары мектеп қызметкерлері марапатталды.

Шарада сөз алған университет ректоры Қуат Баймырзаев: «Университет осы жылдар ішінде мыңдаған шәкірттің жүрегіне нұр құйып, көптеген жетістікке жетті. Бұл сіздердің еңбектеріңіз бен ұстаздық шеберліктеріңіздің арқасы», -  деді. Сондай-ақ, ректор білім ордасында адал қызмет етіп жүрген әрбір қызметкердің  еңбегі елеулі екендігін айтты.

Салтанатты шарада «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі, «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне 50 жыл» мерекелік медалімен бірқатар қызметкерлер марапатталды. Олардың қатарында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамынан бөлек, есепші, тіркеуші, үйлестіруші, кітапханашы, жатақхана кастеляншасы, ғимарат тазалаушысы сияқты құрылымдық бөлім қызметкерлері де бар.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"