"ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2022": БЕС ЖЕҢІМПАЗ МАРАПАТТАЛДЫ

Уақыты: 30.12.2022
Оқылды: 2807
Бөлім: РУХАНИЯТ

 Облыстық әкімдікте  республикалық  «Үздік педагог – 2022» конкурсының республикалық кезеңінің қатысушыларын марапаттау жиыны өтті.

 Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли сөз алып, конкурстың маңызы жайлы айтты.   – Оқу-ағарту  министрлігі тарапынан дәстүрлі түрде өтетін «Үздік педагог» конкурсы – жылдың ең басты бәсекесі. Бұл конкурс  республикада  2012 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.  Осы жылдар ішінде облыстық мектепке дейінгі, орта, техникалық және  кәсіптік білім беру ұйымдарынан республикалық кезеңге қатысқан 21 педагог грант иеленген.  Биыл аталмыш байқауға 102 педагог қатысып, республикалық кезеңге  5 жеңімпаз жолдама алды. Конкурстың қорытындысында 2 педагог  республикалық «Үздік педагог» конкурсының жеңімпазы атанды.  Салтанатты шарада Рустам Әли педагогтарды  құттықтап: «Ұлт ағартушылары Ахмет Байтұрсынұлы және Ыбырай Алтынсариндердің жолын жалғастырып келе жатқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз», – деді.  

Жиында конкурс жеңімпаздарына Алғыс хат және ақшалай  сыйлықтың сертификаты табысталды.

Гүлжан МҰҚАШҚЫЗЫ,
Жетісу облысы