Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында жүлде алды

Уақыты: 17.07.2023
Оқылды: 1608
Бөлім: РУХАНИЯТ

«Витебскідегі Славян базары» музыкалық байқауында қазақстандық әнші Құралай Мейрамбек үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы

Екі күндік байқау нәтижесінде армениялық өнерпаз Маша Мнджоян бас жүлде алса, бірінші орын – беларусь Самир Елчиевке берілді. Екінші орынды – ресейлік Елизавета Слышкина мен италиялық Agape бөлісті. Үшінші орынды – қазақстандық Құралай Мейрамбек және өзбекстандық Малика Хакимова иеленген.

Құрметті қазақ елім! Байқауда қолдап, жанкүйер болған баршаңызға мың алғыс! Алла қаласа әлі талай көк туымды әлемде көкте желбірететін боламын!, - деп жазды Құралай өзінің Instagram парақшасында.