«Ұлы Дала баласы деп Димашты ғана айтсақ дұрыс» — Мейрамбек Беспаев Димаш Құдайбергенге қатысты ойын айтты

Уақыты: 10.11.2023
Оқылды: 4010
Бөлім: РУХАНИЯТ

Әнші Мейрамбек Беспаев Facebook парақшасында Димаш Құдайбергенді ерекше мақтап, ыстық ықыласын білдірген жазба жариялады. Онда ол Димаштың отбасын, адамгершілігін, өнерін ерекше бағалайтынын жеткізген.

«Бүгін мен Димаштың отбасы жайында айтып біраз ой бөліскім келіп отыр сіздермен, оқырмандарым, жанкүйерлерім.

Қазақ әншілері арасында халық екі адамды жақсы көрсе,соның бірі  —  Димаш, бірі —  өзім десем артық айтқаным емес. Шындық осы. Қанат пен Света жақсы ұл-қыз тәрбиелеп, қазақғымның тектілігін күллі әлемге паш еткен. Димаштың бойында тәккәпарлық жоқ. Өз орнын, айтар сөзін білетін жігіт. Өнердегі ағаларына сый-құрметі ерекше. Бақыт деген ақша да емес атақта емес. Димаш қарындасы Раушанмен өте жақсы мәміледе. Бұдан қазақ жастары үлгі алсын. Қоғамда жүрегімді ауыртатыны — қатыгездік көп. Мейірім барлық адамда болуы керек нәрсе, оны жоғалтсақ адамгершіліктен айырыламыз.
Адам болудан қаламыз. Көп жолдастарымды көрдім, атақты көтере алмады. Ақшаны көтере алмады.
Соңында отбасылары ойран болды. Бауыр бауырды көруден қалды. Димаш олардың қатарын да емес, әлдеқайда бақытты. Халқына да көмектесіп, өз отбасында да береке сақтай алған адам.Қазақ ұлты бекер тұңғыш баласын ата әжесі бауырына салмайды.
Димаштың текті ұрпақ болып қалыптасуы осының нәтижесі. Димаш ең бақытты отбасында дүниеге келген. Әлемдегі ең бақытты адам.  Оған қызыға да қызғана да қарауға болады. Сөзімді жақсы жағынан түсінерсіздер.
Мен Димаш Інімді қолдаймын, жақсы көремін. Ұлы дала баласы деп Димашты ғана айтсақ ең дұрысы деп білеміз, — деп жазды әнші.

Фото: Әлеуеттік желіден алыды