Талдықорғандық әншілер вокалдық байқауда жүлделі орынға ие болды

Уақыты: 12.02.2024
Оқылды: 419
Бөлім: РУХАНИЯТ

Талдықорғандағы Д.Рақышев атындағы облыстық филармонияда ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерден облыстық "Армысыңдар адамдар!" атты әншілер байқауы өтті.


Байқауда эстрадалық ән номинациясы бойынша жалпы облыстың әр ауданынан 25-ке жуық өнерпаз қатысып, бақ сынады. 

Байқаудың қорытындысы бойынша Мұқғалидың "Айтатын саған сырым бұл" туындысын орындаған Бекжан Қайратұлы бас жүлдені жеңіп алса, Дамир Шаяхметов II-дәрежелі дипломмен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.