ҚАРТТАР ҮЙІНДЕ ЖАТҚАН АТА-АПАЛАР ГАЗЕТ-ЖУРНАЛҒА ЖАЗЫЛДЫ

Уақыты: 08.10.2020
Оқылды: 1137
Бөлім: РУХАНИЯТ

Әскери қызметшілер қарттарды мерзімді басылымдарға жаздырды. Бұл туралы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының баспасөз қызметі хабарлады.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының әскери қызметшілері демеуші болып, қарттарды республикалық және өңірлік мерзімді басылымдарға жазуды ұйымдастырды.

- Аға буын өкілдері мерзімді баспасөз басылымдарының тұрақты оқырмандары екені мәлім. Ол кісілерге қарапайым сыйлық жасауды ұйғардық. Енді қарттар үйінің тұрғындары баспасөз басылымдарын тұрақты түрде алады, - деп атап өтті аталмыш әскери оқу орнының бастығы, генерал-майор Асқар Мұстабеков.

Келесі жартыжылдықтан бастап Алматы қаласындағы арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығының кітапханасына республикалық және өңірлік баспасөз басылымдары келіп тұратын болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан