Қор жеткілікті

Уақыты: 30.07.2024
Оқылды: 1595
Бөлім: ОН САУСАҚ

Көксу ауданы бойынша мал азығы дақылының көлемі  5318 гектарды құрайды.

4140,4 гектар көпжылдық шөп, 1249 гектар бір жылдық шөп, 125 гектар сүрлем жүгері егілді. Жоңышқаның бірінші шабылуынан 4140,4 гектардың өнімі жиналды. Аудан бойынша 19 мың 872 тонна өнім алынды. Жоңышқаның екінші шабылуынан 1285 гектардан 6425 тонна өнім жиналды.

Шабындық шөптің көлемі 5423 гектар. Бүгінгі күнге 2120 гектар шабындықтың шөбі шабылып, 22 мың 260 тонна өнім алынды. Барлығы 57 мың 80 тонна мал азығы жиналды.

"Жетісу-Ақпарат"
Фото: dingek.kz