АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МИНИСТРЛІК КҮНДЕРІ АЯСЫНДА ШАРАЛАР БАСТАЛДЫ

Уақыты: 26.02.2021
Оқылды: 613
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекеттік орган өкілдері мен жастар ресурстық орталықтары, сондай-ақ, жастар саясаты саласындағы өңірлік ҮЕҰ қызметкерлері арасында сындарлы қоғамдық диалог құру мақсатында «Өңірлердегі министрлік күндері» шеңберінде стратегиялық сессияларды бастады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Мемлекеттік жастар және отбасы саясаты саласында 26 ақпанда Алматы облысында Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш.Баймановтың төрағалығымен «Жастар және отбасы саясаты саласындағы өзекті мәселелер»тақырыбында онлайн-семинар өтті. Семинарға Алматы облысының қалалары мен аудандарындағы жастар белсенділері, жастар ұйымдары, жастар ресурстық орталық өкілдері қатысты.

Ш.Байманов 2020 жылғы жастар мен отбасы саласындағы жұмыстың негізгі нәтижелері және 2021 жылға арналған өзекті міндеттер туралы айтып берді.

Кездесу барысында жастарды қолдаудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарының негізгі бағыттары, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»заң жобасы талқыланды.

Жоғарыда аталған заң жобасын дайындау шеңберінде «NEET санатындағы жастарды», «Жастарды дамыту индексін», сондай-ақ, «Жастармен жұмыс жөніндегі маман» ұғымдарын және басқа да заңнамалық бекіту жұмыстары ұсынылады. Сонымен қатар, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сакошев Аян заң жобасы аясында «Жастарды дамыту индексі» ұғымын білім беру, денсаулық және әл-ауқат, жұмыспен қамту және мүмкіндіктер, саяси қатысу, азаматтық қатысу, бос уақыт және инфрақұрылымға қолжетімділік, қауіпсіздік салалары бойынша негізгі индикаторларды қамтитын мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бөлігінде жергілікті атқарушы органдар қызметі тиімділігінің кешенді көрсеткіші ретінде толықтыру ұсынылатынын айтты.

Семинар барысында жастар және студенттік ұйымдардың өкілдерімен «Тәуелсіздік ұрпақтары» Ұлттық жобасы талқыланды.

Өз кезегінде, жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов жастар және отбасы саясаты саласында қойылған міндеттерді іске асыру бойынша жұмысты және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін атап өтті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан