ЖЕЛІДЕ РАЙЫМБЕК АУДАНЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАДЫ

Уақыты: 07.07.2021
Оқылды: 1080
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Райымбек ауданында алапат құйын соққан деген ақпаратқа қатысты ресми жауап берілді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Әлеуметтік желіде тарап жатқан видеоға аудан әкімдігі түсініктеме берді. Райымбек ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, бұл видео монтаждалған. Ал кадр соңындағы құлаған ағаштар суреті Райымбек ауданында былтыр соққан қатты дауыл салдарынан құлаған. «2020 жылдың 3 шілдесінде кешкі 17:00 шамасында ауданға қарасты Ойқарағай орманында дауылдан 32,7 текше метр Жатаған шырша (Шренк шыршасы) құлаған. Қазіргі таңда заңға сәйкес ондағы құлаған ағаштарды кесу жұмыстары жүріп жатыр», - деп мәлім етті аудан әкімінің баспасөз қызметі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"