ЕСКЕРТУДІ ЕЛЕМЕГЕН ДЕМАЛУШЫЛАР ТАБИҒАТТЫҢ ТОСЫН МІНЕЗІНЕ ТАП БОЛДЫ

Уақыты: 12.07.2021
Оқылды: 3111
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қапшағай жағалауында демалып жатқан адамдар дауылға тап болып, бұршақтың астында қалды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Интернет қолданушылары дауылдың бейнежазбасын желілерде бөлісті. Бұған дейін Қазақстанның 14 облысында дауыл туралы ескерту жарияланған болатын. Онда Алматы мен Алматы облысында күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтималдығы, оңтүстік-батыстан соққан жел, найзағай кезінде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жететіндігі айтылған еді. Сондай-ақ, 9 шілдеде алматылықтарға қатты жел туралы ескертілді. Осындай маңызды ескертулерге қарамастан, Қапшағай су қоймасының жағасында туристер көп болды. Әлеуметтік желі қолданушылары бөліскен кадрларда бұршақ пен дауылдан қорқып, демалушылардың әбден дүрліккені анық көрінеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"