КЕШЕ 174 АДАМ АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗЫЛДЫ: ОБЛЫСТАҒЫ ЭПИДЖАҒДАЙ

Уақыты: 23.09.2021
Оқылды: 1053
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында өткен тәулікте 256 адамнан коронавирус белгісі табылды. Ал 578 адам емделіп шықты. Қазіргі таңда Алматы облысы "сары аймақта" орналасқан. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Кеше Талдықорған қаласында 57, Еңбекшіқазақ ауданында 37, Талғар ауданында 24, Іле ауданында 20, Ұйғыр ауданында 15, Қаратал және Ескелді аудандарында 12, Текелі қаласында 13, Қарасай ауданында 11, Көксу ауданында 10, Кербұлақ ауданында 9, Алакөл және Панфилов аудандарында 8, Жамбыл ауданында 7, Сарқан ауданында 6, Балқаш ауданында 4, Қапшағай қаласында 2, Райымбек ауданында 1 коронавирус жағдайы тіркелді.

Бүгінде өңірде 1808 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаға 174 адам түсті. Ауруханалардағы төсек-орын саны - 4255. Төсек-орын жүктемесі – 42,5 пайыз.

Соңғы үш күнде 10582 адамның сынамасы ПЦР зертханаларында тексерілді. Өткен тәулікте науқастармен қарым-қатынаста болған 16 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 739 913. Ал 2-ші компонентін алғандар саны – 632 831.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды