НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ЖАЛҒАН АҚПАРАТ!

Уақыты: 30.04.2024
Оқылды: 313
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстан Журналистер одағы ұйым төрағасы Сейтқазы Матаевтың атынан жалған ақпарат пайда болғаны туралы хабарлайды.

Осыған орай журналистерге өтініш жасай отырып, олардан алаяқтардың қауесеттері мен шабуылдарына сенбеуді және барлық қорлау жағдайлары бойынша құқық қорғау органдарына хабарласуды, сондай-ақ дүрбелеңге бой алдырмауға және негізсіз қауесеттерге назар аудармауды сұраймыз.

Қазақстан Журналистер одағының жүгінуі бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі қазір алаяқтар әрекетінің жолын кесу үшін жұмыс істеп жатыр.

"Жетісу-Ақпарат"