ҚАТТЫ БОРАН. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚЫТАЙҒА ШЫҒАТЫН ЖОЛ ЖАБЫЛДЫ

Уақыты: 19.02.2022
Оқылды: 1490
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тағы бір автожолдың жабылғаны туралы ақпарат таратты.

"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен "Қазақавтожол" ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран, көрінудің нашарлығы) республикалық маңызы бар "Үшарал-Достық" автожолында (Көктұма-Достық бекеті, 84-184 шақырым) барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"