ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДА БІЛІМ АЛУ - ӘРБІР СТУДЕНТТІҢ АРМАНЫ

Уақыты: 07.04.2022
Оқылды: 3057
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚазҰУ білімді ұстаздарымен, жоғары дәрежелі оқытушы-профессорларымен әйгілі. Университетіміздің бүгінгі күнде 88 жылдық тарихы бар. ҚазҰУ тек озық білімімен ғана емес, ерекше әдемі қалашығымен көзге түседі. Қарасаң көз тоймайтын сұлу табиғаты тағы бар.

Университетіміз жан-жақты, мұнда 82 мамандық, 16 факультет бар. Соның ішінде “Экономика” мамандығына түсу менің бала күнгі арманым болатын және мен арманымның орындалғанына өте қуаныштымын.

Университетімізде студенттерге қолайлы жағдай жасалып, үлкен мүмкіндіктер берілген. Университет ошағында студенттер өздерін түрлі жағынан көрсетіп, білімдерін шыңдап, тәжірбиелерін молайта алады. ҚазҰУ жастарды тек білімге емес, мейірімділік пен ізеттілікке де үйретеді. Тіпті, қазіргі таңда студенттер ашқан бірнеше көмек қорлары қарқынды жұмыс істеуде. Айта кететін болсақ, "Айналаңды нұрландыр" бағдарламасы аясында ұстаздар мен студенттер бірлесіп, жетім балалар үйіне, қарттар үйіне, жағдайы төмен отбасыларға барып, киім-кешек, азық-түлік апарып, көмек қолын созып, адамдардың бір-біріне деген жанашырлық, мейірімін оятуына септігін тигізеді.

Міне, осындай оқу орнына түсуді мен ғана емес, талай жас армандағанына толық сенімдімін. Биік шыңдарды бағындырып, Қазақстанның мен деген азаматы боламын деген, кеудесінде оты бар әрбір азаматқа ҚазҰУ есігі айқара ашық.

Айман ЕРЕЖЕПОВА,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессор міндетін атқарушы, экономика ғылымдарының кандидаты

Арайлым МӘМЕТ,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика жоғары мектебі "Экономика" кафедрасының 4-курс студенті