САРЫӨЗЕК-КӨКТАЛ АВТОЖОЛЫНДА ЖАРЫЛЫС БОЛАДЫ - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Уақыты: 16.08.2022
Оқылды: 1403
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Сарыөзек-Көктал» республикалық маңызы бар автожол учаскесі (56-57 км) көліктің барлық түрі үшін жабық. Бұл туралы Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

«15 тамызда аталған автожол учаскесі (56-57 км) автотранспорттың барлық түрлері үшін жабылды. «Қазақавтожол» ҰК Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, «Сарыөзек-Көктал» жолында жарылыс жұмыстары жүргізіледі», - делінген төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада. Аталған департамент қызметкерлері осы бағытта жолға шықпау қажеттігін ескертеді. Бұған дейін жарылыс жұмыстарына байланысты республикалық маңызы бар "Сарыөзек-Көктал" тас жолының 51-52 шақырымында қозғалыс шектелген болатын.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"