БЕЙБІТ ИСАБАЕВ ЖЕТІСУ ЖҰРТШЫЛЫҒЫН АТА ЗАҢ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Уақыты: 29.08.2022
Оқылды: 1286
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ 30 тамыз – Конституция күніне орай ізгі тілегін жолдады.

"Құрметті жетісулықтар! Сіздерді 30 тамыз – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биылғы 5 маусымда өткен жалпыхалықтық референдум азаматтардың сұранысына негізделген, елдің мүддесі үшін жасалған жүйелі жаңа өзгерістердің негіздемесі болды. Референдумға жетісулықтар да белсене қатысып, Жаңа Қазақстан құруға деген ынталарының зор екенін көрсетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамашылдығымен елімізде қолға алынған реформаларды нақты жүзеге асыру үшін Конституцияның үштен бір бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Мемлекетті демократияландыруды, қоғамда әділеттілік пен ашықтық принциптерін орнықтыруды көздейтін Ата заңымыздың жаңа нормалары түптеп келгенде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етері анық.

Баршаңызға зор денсаулық, еселі еңбек, толайым табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Еліміздің әрдайым еңсесі биік болып, мәртебесі өсе берсін!" - деді Жетісу облысының әкімі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"