АЛМАТЫ МАҢЫНДА АЛАПАТ ӨРТ ШЫҒЫП, 10 ГЕКТАР АУМАҚҚА ЖАЙЫЛДЫ

Уақыты: 30.08.2022
Оқылды: 946
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы қаласының солтүстігінде, Іле ауданы Первомай ауылы маңында алапат өрт шықты.

Алдын ала ақпарат бойынша, өрт шалған аумақтың көлемі 10 гектарға жеткен. Кеше сағат 13-33-те Алматы облысы төтенше жағдайлар депаартаментінің кезекші бөліміне Іле ауданындағы Первомайск тоғаны маңындағы өндірістік аймақта қураған шөптер өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Будақтаған қара түтін тұрғындарға анық көрінген.

"Оқиға орнында Боралдай ауылының №9 өрт сөндіру бөлімінің 5 қызметкері мен 2 техникасы, Өтеген батыр ауылының №8 өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері мен 2 техникасы, Алматы қаласының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің және №19 өрт сөндіру бөлімінің 8 қызметкері мен 2 техникасы жұмыс істеді", - деді Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан