ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ЖЕР СІЛКІНІСІ ТІРКЕЛДІ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ХАБАРЛАЙДЫ

Уақыты: 30.08.2022
Оқылды: 933
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуі Алматы уақытымен түнгі сағат 01 сағат 57 минутта болған.

«Зілзала ошағы Алматыдан сотүстік-шығысқа қарай 358 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 9.5. MPV магнитудасы – 4.1, бағыты 45.83° с.е 79.54° ш.б. Тереңдігі – 10 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ», - делінген кезекші оператор хабарламасында.

Картамен қарағанда, жер сілкінісі тіркелген аймақ Жетісу облысы аумағына кіріп тұр. Еске сала кетейік, бұған дейін 23 тамыз күні астана уақытымен 17 сағат 12 минутта Алматы маңында жер сілкінген еді.

Бұл – аз уақыт ішіндегі екінші зілзала. Сол күні сағат 16:03-те сейсмологтар Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 388 шақырым жерде, Қытай аумағында тағы бір жерасты дүмпуін тіркеген еді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"