САРЫӨЗЕК АУЫЛЫНДА ЕКІ ЖАСАР БҮЛДІРШІНДІ ЖҮК КӨЛІГІ БАСЫП ҚАЛДЫ

Уақыты: 21.09.2022
Оқылды: 1300
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Сарыөзек ауылында екі жасар қызды жүк көлігі басып қалды. Бұл туралы Кербұлақ аудандық полициясы хабарлады.

18 қыркүйек күні аудандық полицияға сәбидің өлімі туралы хабар түскен. Кейін мәлім болғанындай, екі жасар қызды "DAF" маркалі көлігі басып қалған. Көліктің жер үйлердің бірінің ауласына жөндеуге қойылғаны белгілі болды.

Кербұлақ аудандық полициясы аталған жағдай бойынша жан-жақты тексеру жүргізді. Тергеу Қылмыстық кодекстің "Баланың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін талапқа сай атқармаған" деген бабы бойынша жүргізліп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"