ӘДЕП НОРМАЛАРЫН САҚТАУДЫҢ ҮШ ЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМЫ ЖАСАЛДЫ

Уақыты: 22.09.2022
Оқылды: 931
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Қобылан Манап, Жетісу облысы әкімі аппаратының басшысы Нұржан Егінбаев және Жетісу облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ғабит Тұрсынбай өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастық үш бағытты мақсат етеді. Атап айтқанда, бірінші – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және Мемлекеттік қызмет туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексін бұзудың алдын алу бойынша өзара іс-қимыл. Екінші – облыстың жергілікті атқарушы органдарындағы мемлекеттік қызметшілерінің бұзылған құқықтарын қорғау, қалпына келтіру. Үшінші – облыс аумағындағы аудандық, қалалық жергілікті атқарушы органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысын жандандыру. Одан бөлек, меморандум шеңберінде негізгі нысаналы индикаторлар арқылы облыстың жергілікті атқарушы органдарындағы Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін бағалаудың өңірлік әдістемесі бекітілді. Соған орай енді тоқсан сайын олардың қызметін бағалау бекітілген түйінді нысаналы индикаторлар негізінде жүргізілетін болады. Бұл бағыт – Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің тиімділігін анықтайтыны анық.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жетісу облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі