КЕГЕН АУДАНЫНДА ЖЕР СІЛКІНІСІ СЕЗІЛДІ - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ДЕПАРТАМЕНТІ

Уақыты: 22.09.2022
Оқылды: 1205
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық станциялар желісі Алматы облысы аумағында жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 143 шақырым жерде, Кеген ауданының аумағында (Жалаңаш ауылынан 5 км қашықтықта) орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.2. MPV магнитудасы - 4.4. Эпицентрдің координаттары - 43.07° с.е. 78.66° ш.б. Тереңдігі - 10 км. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ.

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керектігі туралы түсіндіріп өтті. Олар мыналар:

- ғимараттан шығыңыз (сіздің иелігіңізде 15-20 секунд);
- жоғарғы қабатта қалған жағдайда баланы құшақтап алып, есік ойығының орнына немесе іргелі қабырғалардан құралған бұрышта орын алып тұрыңыз;
- ешқандай жағдайда терезе жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз;
- ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналар мен қоршаулардан алыстап тұрыңыз;
- үйге кірмеңіз, дүмпу қайталануы мүмкін;
- жеделсатыны пайдаланбаңыз;
- сіріңке, шам жағуға болмайды;
- электр сымдарына қол тигізбеңіз;
- зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"