ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТЕКЕЛІГЕ БАРЫП, ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗЕДІ

Уақыты: 22.09.2022
Оқылды: 886
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының әкімі Текелі қаласында халықпен кездесіп, жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.

2022 жылғы 5 қазан күні Жетісу облысының әкімі Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы Текелі қаласы әкімдігінде (мекенжайы: Текелі қ., Абылай хан көшесі, 34) сағат 10:45-те азаматтарды жеке қабылдайды (кіші мәжіліс залы, 1-қабат) және 11:30-да тұрғындармен кездесу (үлкен мәжіліс залы, 4-қабат) өткізеді.

Тұрғындар тарапынан сұрақ, ұсыныстар облыс әкімінің ресми блогында және Текелі қаласы әкімдігінің ресми сайтында қабылданады.

Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі Instagram парақшасында және Текелі қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында жүргізіледі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"