ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ САРЫӨЗЕККЕ БАРЫП, ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗЕДІ

Уақыты: 18.10.2022
Оқылды: 1808
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың 2022 жылдың 20 қазанына жоспарланған аудан тұрғындарымен кездесуі 2022 жылдың 2 қарашасы, сағат 11.00-ге ауысқандығын хабарлаймыз.

Кездесу Ә.Сарыбаев атындағы аудандық Мәдениет үйінде өтеді (мекенжайы: Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі, №25). Сонымен қатар, сағат 10.00-де облыс әкімі аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Тұрғындар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар облыс әкімінің ресми блогында және Кербұлақ ауданы әкімдігінің ресми сайтында қабылданады.

Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі «Jetisu_akimat» Instagram парақшасында және Кербұлақ ауданы әкімдігінің «Akimatkerbulak» Instagram парақшасында жүргізіледі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"