РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚАНДАЙ ІС-ШАРАЛАР АТҚАРЫЛАДЫ?

Уақыты: 22.10.2022
Оқылды: 984
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Биыл Республика күні мереке ретінде қайта тойланбақ. Мереке аясында қандай іс-шаралар өтеді?

Бұл туралы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен баспасө з мәслихатында Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жақыпов баян етті.

– Мереке тарихына тоқталар болсақ, 25 қазан – Қазақстан Республикасының егемендігі туралы декларацияның қабылданған күні. Осы құжат арқылы еліміз егемендікке қадам жасаған болатын, – деді Е.Жақыпов.

Бұдан соң мереке қалай тойланатынына тоқталған спикер басты құндылығымыз ата-бабадан қалған байлығымыз – жеріміз бен бірлігімізді көрсету мақсат екенін атап өтіп, мерекенің символы ретінде қыран бүркіттің бейнесі кеңінен қолданылатынын жеткізді. Мереке аясында облыс, аудан активтерінің қатысуымен ресми шаралар өтіп, мемлекеттік марапаттар тапсырылатынын, мәдени-бұқаралық іс-шаралар аясында концерттік, спорттық шаралар ұйымдастырылатынын айтты. Сондай-ақ, 25 қазан күні Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтпек. «Қыран елім – Қазақстаным!» жалпы республикалық патриоттық акциясы да ұйымдастырылмақ.

«Жанашыр жүрек» атауымен қайырымдылық іс-шаралары да атқарылады. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында жаппай экологогиялық науқан қолға алынады. Сенбі сайын ауылдарды, көшелерді тазалау, абаттандыру, ағаштар отырғызу сынды іс-шаралар жүзеге асады. Облыс көлемінде он шақты нысан ашылады. Мерекеге орай бильбордтар да орналастырылған.

Алма ЕСЕНБАЙ

Алматы облысы