КӨКСУ АУДАНЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫ САЛЫНАДЫ

Уақыты: 16.01.2023
Оқылды: 1894
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Көксу аудандық өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары өз қызметін 86 жыл бұрын салынған ескі ғимаратта атқарып отыр.

Көксу аудандық өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары өз қызметін 86 жыл бұрын салынған ескі ғимаратта атқарып отыр. 2021 жылы жасалған сараптама қорытындысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімінің архитектуралық құрылысы жарамсыз деп танылған.  Енді, міне, қызыл жалынмен арпалысып, өрт қауіпсіздігін сақтайтын қызметкерлерінің жаңа ғимараты болады. Құрылыс жұмыстарына 502 млн. теңге бөлінген. Жаңа бөлімшенің жер аумағы 1 гектарды құрайды. Онда әкімшілік корпус, 2 автомобильге арналған депо, диспетчер кабинеті, демалыс бөлмесі, санитарлық тораптар, мұрағат пен қойма және оқу сыныбы болады. Құрылыс биыл маусым айында басталып, желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
 

Ришад ТҰРҒАНБАЙ,
Жетісу облысы