ЖЕТІСУДА ЖЕТПІС БАЛУАН ӨНЕР КӨРСЕТТІ - ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР

Уақыты: 23.01.2023
Оқылды: 1346
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған қаласында жастар арасында спорттық және әскери "самбодан" облыс чемпионты өтті.

Бұрынғы Алматы облысы екіге бөлінгеннен кейін облыстық деңгейдегі жарысқа қатысушылар саны да күрт азайды. "Жастар" спорт сарайының төріне төселген кілем үстінде бес команданың құрамында 70 балуан өнер көрсетті.

Айта кетерлігі, бұл жарысқа бозбалалармен қатар қыздар да жақсы дайындықпен келгенін көрсетті. Ұйымдастырушылар келесі жарыстарға барлық аудан командалары қатысса екен деген ұсынысын білдірді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Алуа ОСПАНЖАН

Жетісу облысы