Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

"АТҚАРЫЛАР ІС АУҚЫМДЫ". ПАНФИЛОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Уақыты: 25.01.2023
Оқылды: 467

Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбек жылдың алғашқы тоқсанындағы халықпен кездесуін Пенжім ауылынан бастады. 

Жиында өңір басшысы өткен жылы көтерілген мәселелердің дені шешімін тапқанын, кейбір шаруалар бойынша жоспарға сәйкес жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. 
– Биыл Жаркент қаласында 60 пәтерлі төрт тұрғын үйдің құрылысына бюджеттен 1,6 млрд. теңге бөлінді. Осы тұрғын үйлердің ауласын абаттандыруға және инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысына 174,9 млн. теңге, ауданның ішкі жолдарын жөндеуге 928,4 миллион теңге қарастырылған, – деп жалпы өңірдегі атқарылар істің ауқымын аңғартқан аудан әкімі тұрғындармен де пікірлесу үшін Алтыүй, Надек, Шежін ауылдары кіретін Бірлік ауылдық округіне ат басын бұрып, жұртшылықты тыңдады.
Алтыүй ауылындағы көшелердің 90 пайызы жарықтандырылғанын, Ә. Қастеев атындағы орта мектепке жүргізілетін күрделі жөндеу жұмысы бойынша тиісті шаралар қабылданып жатқанын, Шежін ауылында жаңа мектеп салынып біткенін, дайындық жұмыстарын өзі барып тексергенін баяндап, Надек ауылы бойынша жеке тұрғын үй салу үшін инженерлік-коммуникациялық желілері құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 21,1 млн. теңге бөлінгенін атап өтті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"