Зейнеткерлерге тегін заңгерлік кеңес берді

Уақыты: 25.04.2024
Оқылды: 285
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Облыстық  нотариаттық палатасы зейнеткерлерге тегін заңгерлік кеңес бердіШара Талдықорғандағы белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өтті.

Кеңес беру сағатында ардагерлер көкейдегі сұрақтарын қойды.  Зейнеткерлер мұрагерлік құқықтарын, өсиетті ресімдеу мәселелеріне қызығушылық танытты. "Нотариус кеңес береді" тақырыбындағы іс-шара аталмыш орталықта тоқсан сайын өткізілетін болып келісілді.  

«Құрметті ата-апалар, облыстың нотариаттық палатасы сіздерге тегін кеңес беру акциясын ұйымдастырып отыр. Бұл акция сіздердің заңгерлік сауттылықтарыңызды ашуға атсалысады. Тегін кеңес беру күні –"халық үніне құлақ асатын мемлекет " элементтерінің бірі болып саналады.  Мұндай іс-шаралар халықтың мемлекеттік органдарымен тығыз қарым-қатынаста болуына мжол ашады.бұл күнгі  "Нотариус кеңес береді"  акциясы нотариаттық көмек көрсетілетін құрылымдардың қатарын көбейтті.  Тілек білдірушілер кез келген уақытта нотариаттық палатаға жүгініп, өздерін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала алады", – деді облыстық нотариаттық палатаның төрағасы  Арман Бекішбаев көпшілік алдында сөйлеген сөзінде.

Ол зейнеткерлерге заңгерлік кеңес беретін  нотариус Лолита Айтхожина,  Айбат Қасымовты таныстырды. Олардың   білікті,  жоғары дәрежеде көмек беретін маман екеніне тоқталды.  Басқосу барысында кеңеске жүгінген Гүлнәр  Солтанқұлова ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. 

«Нотариусқа қоятын сауалдарымыз көп еді. Тиімді шара ұйымдастырылған екен. Нотариустардың өзімізге келгені қандай жақсы болды.  Мүмкіндік пайда болған кезде оны пайдалану керек қой.  Жүгінген мәселем бойынша нақты жауап алдым.  Шешімін айтып, әрі қарай не істеу керектігі туралы кеңес берді»,– деді.           

Мүлікті мұрагерлікке қалдыру, кәсіпкерлік құрылымын балаларға бөліп беру, авторлық құқығын ұл-қызына қалдыру жөнінде нақты жауаптар алынды. Зейнеткерлер болашақта орталыққа келген нотариустармен  құжатты бірлесіп рәсімдеу жайлы ақылдасты. 

Гүлжан Мұқашқызы