АЛТЫ АЯҚТЫ ЕРЕКШЕ ҚОЗЫ ТУЫЛҒАН

Уақыты: 03.03.2023
Оқылды: 2081
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Германиядағы фермалардың бірінде таңқаларлық оқиға болған. Малшы төлдеуі тиіс қойдың жанынан ерекше алты аяқты қозыны байқаған. 

Бұл туралы "7-su.kz" сайты  МИР 24 арнасы дерегіне сүйене отырып хабарлайды.

Иесі қозыға Долли есімін берген. Сала мамандары қозы жәндіктер тарататын Шмалленберг вирусы салдарынан алты аяқты болып туған деген пайымға келген.

Жас төлдің жүріп кетуі оңай болуы үшін оның бір аяғын бинтпен таңып тастаған. Қазірде енесінің жанында шапқылап жүрген қозыда басқалай ақау байқалмаған.

"Екі аяғын кесіп тастасақ дұрыс болар. Бірақ ол операциядан кейін де дами ала ма, жоқ па - белгісіз. Бірақ қалай болғанда да Доллидің қалыпты қой өмір сүрсе екен дейміз", - дейді фермер.

 

 

Фото: скпиншоттап алынды

"ЖЕТІСУ"АҚПАРАТ