Бейбіт Исабаев: "Көрші ағайындарымыздан қай жеріміз кем?"

Уақыты: 26.05.2023
Оқылды: 555
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданына сапары аясында "Ауыл аманаты" бағдарламасына қатысып жатқан тұрғындармен де кездескен болатын. 

Аталған бағдарлама арқылы өтінім бергендер мал шаруашылығы, сүт фермасы, жылыжай, шаштараз секілді кәсібін дөңгелетуге болады.

Осы ретте, облыс басшысы өріс ашқан жанға бүгін мүмкіндік көп екенін жеткізді.  

- Бұрын мұндай мүмкіндік берілген жоқ. Енді қазір су тегін беріп жатыр ғой. 2,5 пайызбен. Ал кооператив болсаңыздар 28 млн теңгеге дейін береді. Осыны көбірек айтыңыздар. Орта Азиядағы көрші ағайындарымыздан қай жеріміз кем? Жалпы, Күреңбелдің жері керемет қой. Түгін тартсаң, май шығады. Шаруашылыққа жайлы. Ақша беріп жатыр ма? Келесі жылы тағы алыңыздар Ұлғайтыңыздар, жасаңыздар. жасаған нәрсеңізді ешкім алып қоймайды. Бала-шағаңызға қалады. Ертең зейнетке шықсаңыздар да кеңес беріп бас-аяғында жүресіздер. Ешкімге қол жайып отырмайсыздар, — деді Бейбіт Исабаев.

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ