ТАРИХИ ЖҮЛДЕ

Уақыты: 26.04.2024
Оқылды: 314

Садақ атудан Шанхайда (Қытай) әлем кубогы өтіп жатыр. Бірінші командалық жарыс басталып, алғашқы жүлдегерлер де белгілі болды. Бұл қатарда садақ атудың «Компаунд» сайысы бойынша қола жүлде алған Қазақстан қыздар құрамасы бар.


Бұл қоланың ерекшелігі мен айшықтығы сол – жалпы садақ атудан Қазақстан қыздар құрамасы тарихта бірінші мәрте Әлем кубогында жүлдегерлер қатарына қосылып отыр. Жүлде алған команданың ішінде жетісулық Аделя Жексембинова мен Айжан Сейдахметова бар. Қазақстан құрамасы жартылай финалда Италия қыздарына жеңілді (қарсыласы 227 ұпай жинады).  Енді италиялық қыздар финалда әлем чемпиондары Үндістан құрамасымен кездеседі. 

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"