Мал бағуға аттанып, өзі жоғалып кетті: Жетісуда 34 жастағы азамат табылмай жатыр

Уақыты: 26.04.2024
Оқылды: 320
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ол үйінен атқа мініп, мал бағуға шығып кеткен деп хабарлайды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Жетісу облысы, Еңбекшіқазақ ауылында болған. Өткен сейсенбіде ауылдың 64 жастағы тұрғыны ұлының үйге оралмағанын айтып полицияға хабарласқан. 30 жастағы ер адам мал бағуға аттанып кеткеннен оралмаған.  

Өзімен бірге ұялы телефонын ала кеткен. Бірақ өшірулі.  

Көксу өзенінің маңындағы қараған полиция қызметкерлері өлі жылқыны тапты, бірақ әзірге оның иесі табылмай жатыр.  

Қазіргі уақытта Көксу өзенінің бойында іздестіру жұмыстары жүргізілуде, жергілікті тұрғындар мен еріктілер де көмектесіп жатыр.  

Фото: Zakon.kz