Сұранысқа ие мамандықтардың тізімі жарияланды

Уақыты: 09.06.2023
Оқылды: 687
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті сұранысқа ие мамандықтардың рейтингін жасады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 130 мыңнан аса талапкер оқуға қабылданады. Оның ішінде кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың студент білім алады.

Бүгінде еңбек нарығында мына мамандықтар сұранысқа ие:

  • Ақпараттық технологиялар;
  • Құрылыс және коммуналдық шаруашылық;
  • Геология;
  • Тау-кен өнеркәсібі;
  • Энергетика;
  • Металлургия және машина жасау;
  • Көлік;
  • Байланыс;
  • Педагогика;
  • Медицина және тағы басқа.

Қазір еліміздегі колледждерде барлығы 517 мың студент оқиды. Оның ішінде 312 мыңы тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған.

Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға артады. Сондай-ақ жаңа оқу жылынан бастап колледж студенттерінің стипендиясы 50% көбейеді.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын студенттер әлеуметтік қолдаумен (стипендия, тамақ және жолақысы) қамтылады.

Фото: көрнекілік үшін