"12 игі іс": Қазақстанда "Жастар апталығы" басталды

Уақыты: 08.08.2023
Оқылды: 577
Бөлім: КҮНДЕРЕК

12 тамызда аталып өтетін Халықаралық Жастар күні қарсаңында "Жастар апталығының" басталғаны жарияланды.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлімдеді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Осылайша, 7-12 тамыз аралығында республика өңірлерінің барлық алаңдарында қайырымдылық, волонтёрлік және экологиялық акциялар, бос орындар жәрмеңкелері, түрлі фестивальдар, жастарға арналған концерттер мен семинарлар өтеді.

Апта Қазақстанның әр өңірінде "12 игі іс" қайырымдылық акциясымен басталады. Бұл күндері жас еріктілер мен жастар ұйымдарының өкілдері қарттар үйлеріне, балалар үйлеріне барады; экологиялық акциялар өткізеді және мұқтаж жандарға көмек көрсетеді.

Фото: көрнекілікке алынды