Әлемге әйгілі әнші Абай Құнанбайұлының туған күніне орай челлендж ұйымдастырды

Уақыты: 09.08.2023
Оқылды: 919
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген адамзаттың алыбы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай челлендж ұйымдастырды.

Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Өз жазбасында Димаш оқырмандарынан Абайдың бір өлеңін оқу арқылы өз бастамасына қосылуды сұраған. Ол «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айтты.

Қазақтың ұлы ақыны хәкім Абай атамыздың туған күніне орай челлендж бастаймын және оны барша жанкүйерлеріме таратамын. Абайдың кез келген өлеңін оқып, видеоны #Abaychallange хештегімен орналастырсаңыз болғаны, - деп жазды Димаш.

Коллаж: Голос народа