Бәрекелді. Бұдан былай бала күтіміне берілетін төлем 1,5 жасқа дейін ұзартылды

Уақыты: 21.08.2023
Оқылды: 635
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бала күтімі бойынша төлем ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұзартылды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үкімет таратқан мәлімет бойынша, 2023 жылғы 1 тамызына дейін республикалық бюджеттен 107,2 мың жұмыс істемейтін ата-ана 20,9 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы алды.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 439,6 мың ата-ана 144,8 млрд теңге сомаға табысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.

Фото: ашық дереккөзден