7,8 млн гектар ауылшаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылды

Уақыты: 22.08.2023
Оқылды: 693
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жолдауын іске асыру аясында 2022 жылдың басынан бастап игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 7,8 млн га ауылшаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылды.

Мәселен, Қарағанды облысында 1,5 млн га ауылшаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды.

photoҚостанай облысында – 738 мың га,

photoАқтөбе облысында – 745 мың га,

photoТүркістан облысында – 631 мың га,

photoПавлодар облысында – 532 мың га.
Республика бойынша жерді пайдаланушыларға қатысты 5,5 млн га алаңды қамтитын 2 410 жоспардан тыс тексеру тіркелді. Тексеру нәтижелері бойынша 3,1 млн га алаңда жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 1 597 ұйғарым шығарылды, 240,9 мың га алаң бойынша 246 материал сот қарауында.

photoТиісті шаралар қабылданғаннан кейін жерді пайдаланушылар 2,7 млн га алқаптағы өз жерлерін игеруге кірісті.
Сонымен қатар, қабылданған шешімдердің заңдылығына қатысты жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша аумағы 526,3 мың га ауылшаруашылығы жерлерін беру туралы жергілікті атқару органдардың 515 заңсыз шешімі анықталып, оның ішінде 135 шешімнің күші жойылды, қалған 380 шешімнің күшін жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Фото: көрнекілікке алынды

ҚР Үкіметінң баспасөз қызметі.