Жетісуда жем-шөп қорын дайындау аяқталуға жақын

Уақыты: 22.08.2023
Оқылды: 983
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Күзгі жиын-терін науқанында мал азығын дайындау да қарқынды жүріп жатыр. Төрт түліктің жыл сайынғы өсімі 3-4% болатынын және мал бағу ерекшеліктерін ескере отырып, Жетісу облысында 2023-2024 жылдарға 1 млн. 983 мың тонна жем-шөп қорын дайындау жоспарланды.

Қазіргі уақытта 1 млн. 438 мың тонна жем-шөп дайындалды, соның 1020,8 мың тоннасы шөп (82,5%), 107,9 мың тоннасы пішендеме (92,5%), сабан 152,3 мың тонна (82,5%), 148,8 мың тоннасы жем (61,5%).

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының деректеріне сүйенсек,  өңірдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мақсатында 2022 жылы сатып алынған жем-шөпке биыл 2,4 млрд.теңге субсидия төленді Ал жалпы 2022-2023 жылдары бұл мақсатқа 4,1 млрд.теңге субсидия төленді.

Мал азығын жинайтын техниканы лизингке алу бойынша «Қазагроқаржы» АҚ облыстық филиалына 87,2 млн. теңгеге 7 өтінім түсіп, бүгінгі күнге 4 бірлік арнайы техника алуға 2 өтінім бойынша келісім-шарт жасалды, қалған 5 өтінім қаралып жатыр.

Облыста мал азығын жинауға 2397 техника жұмылдырылған. Бұл ретте шаруашылықтар шөп шабатын машина, шөп тырмалары, пішен пресі сияқты қажетті техникаларды қолдануда.     

         Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.