"Жауын-шашынды": Күзде ауа райы қандай болады?

Уақыты: 24.08.2023
Оқылды: 702
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет күзге арналған маусымдық ауа райы болжамын жариялады, деп 7-su.kz желілік басылымы.

Синоптиктердің болжамынша, қыркүйек айында бір айдың орташа температурасы республиканың басым бөлігінде нормаға жақын болады. Ал Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбенің солтүстік-батыс жартысында, Қостанайдың солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының шеткі солтүстік-батыста нормадан 1 градусқа жоғары болады.

Қараша айында ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2 градусқа жоғары болады. Мәселен, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда, Жетісу облыстарында нормаға жақын болады.

Қараша айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан аз болады. Ал Батыс Қазақстанда Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстанда нормаға жақын болса, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарының басым бөлігінде жауын-шашынды болмақ. Оңтүстікте Алматы облысының жартысында, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының және Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашынды болмақ.

Сурет көрнекілік үшін