Өрт қауіпі бар

Уақыты: 25.08.2023
Оқылды: 594
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет тамыздың 25 жұлдызына арналға ауа райы болжамын ұсынды.  Ресми ұйым ақпараты бойынша, еліміздің 17 өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Өңірлердің басым бөлігінде ыстық сақталып, өрт қауіпі жоғары деңгейде болжанып отыр. 

Соның ішінде Жетісу облысына тоқталсақ, таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні –15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Батыста, облыс орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Талдықорғанда күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады.

Фото: ашық дереккөзден