Қазақтың тазысы әлем чемпионатында топ жарды

Уақыты: 28.08.2023
Оқылды: 530
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақтың тазысы Женевада өткен World Dog Show -2023 әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Танылмаған тұқымдар тобында қазақстандық 2 ит үздік деп танылды. Халықаралық кинология федерациясы ұйымдастырған жарысқа еліміздің атынан Тұмар мен Вангелия есімді төрт аяқтылар қатысқан болатын.

Ал жуырда Қазақстанның кинологтар қауымдастығы осы FCI (Эф-Си-Ай) ұйымының толыққанды мүшесі атанған.

Бұл өз кезегінде тазы мен төбеттерге халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұл жаһандық жарысқа 20 мыңнан астам ит қатысқан болатын.

Фото: видеодан алынған кадр