Жетісу облысында жол апаты болып, бір әйел қаза тапты

Уақыты: 28.08.2023
Оқылды: 629
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында BMW маркалы көлігі аударылып, бір әйел қаза тапты.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылмы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп хабарлайды.

Жол апаты «Алматы-Өскемен» автожолының 323 шақырымында болды. 38 жастағы әйел көлігін басқара алмай, аударылып кеткен. 

Апат салдарынан көлік салонында болған 49 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушімен бірге тағы бір жолаушы дене жарақаттарымен Талдықорған ауруханаларының біріне жатқызылды.

Полиция барлық жүргізушілерді жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады. Есіңізде болсын, жол ережесін елемеу қайғылы зардаптарға әкелуі мүмкін.

Фото: ғаламтордан алынды