«Ұлы дала жорығы»:Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды

Уақыты: 19.09.2023
Оқылды: 659
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Астанадан Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды қамтитын «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінде Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Төрешілердің шешімімен «Рекорд» құрамасында жеңіске жеткен шабандозға 2 миллион теңге, 2-орынға – 1,5 миллион теңге, 3-орынға – 1 миллион теңге беріледі.

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жалпы жүлде қоры – 65 млн теңге. Жеңімпаз командаға 30 млн теңге, 2-орынға 20 млн теңге, ал 3-орынға 15 млн теңге бекітілген.

Айта кетейік, «Ұлы дала жорығы» жобасын республикалық «JORYQ» ат спорты федерациясы, Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр.

Марапаттау рәсімін кешкі сағат 18:30-да «Түркістан-арена» стадионында өткізу жоспарланған.