Талдықорғандық көпсалалы ауруханасы коммуналдық қызметке 150 миллион теңге қарыз

Уақыты: 21.09.2023
Оқылды: 726
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғандағы көпсалалы аурухананың коммуналдық қызметтеріне көп шығын жұмсалуы денсаулық сақтау мекемесінің жылу энергиясы үшін қарызының көп болуына әкелді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

Жалпы, бүгінде жылу энергиясына қарыз шамамен 150 миллион теңгені құрайды.

Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында Zakon.kz тілшісіне хабарлағандай, мұндай жағдай Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасын қаржыландырудың жеткіліксіздігінен туындаған. Аурухананың жылу қарызынан бөлек, коммуналдық қызметтерге де берешегі бар.

"Жоғарыда айтылғандарға байланысты және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және қарыздың одан әрі өсуіне жол бермеу мақсатында денсаулық сақтау нысандарын қаржыландырудың есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізу қажет. Дебиторлық берешекті уақтылы өтеу мультипликативті нәтиже беріп, жылумен жабдықтаушы кәсіпорындарға көбірек желілерді жөндеуге және қажетті материалдарды сатып алуға мүмкіндік береді", - делінген облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының хатында.

Тиісті бөлім көпсалалы аурухананың шығыны туралы басқа да қызықты деректерді айтты.

Мәселен, аурухана ғимаратының үлкен аумағын есепке алғанда – 33,8 мың шаршы метр, коммуналдық қызметтерді төлеуге ай сайын 35,5 млн теңге бөлінеді, ал жылына бұл сома 280,2 млн-нан асады.

Жетісу өңіріндегі денсаулық сақтау нысандарының жылумен жабдықтау ұйымдарына жалпы қарызы 286,6 млн теңгені құрады.

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда коммуналдық қызметтерге тарифтер көтерілді. 13 шілдеде ел үкіметі мемлекеттік тұрғын үй көмегін көрсету аясында көрсетілетін коммуналдық қызмет шығындарының бір бөлігін өтеуге кім сене алатынын жариялады.

Фото: ашық дерекккөзден