Тарифтер бекітілді

Уақыты: 23.09.2023
Оқылды: 395
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының Табиғи монополиялар субъектілері үшін сумен жабдықтау және су бұру қызметтері бойынша тарифтер бекітілді.

«Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы аясында ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің атына «Жетісу су құбыры» ШЖҚ ҚМКК суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суды бұру қызметі бойынша тарифті бекітуге өтінімдер түсті. Өтінім берудің негізгі себебі – қызметкерлердің орташа айлық жалақысының өсуі. Субъектілер келесі тарифтік жобаларды ұсынды (барлық тарифтер ҚҚС-сыз көрсетілген):
Субъектінің тарифтерінің жобалары:
«Жетісу су құбыры» ШЖҚ ҚМКК:
– сумен жабдықтау бойынша орташа тариф жобасы 147,03 теңге/м3 құрады, өсім 15,48 теңге, оның ішінде жеке тұлғаларға тариф 66,34 теңге/м3 құрайды, өсім 7,11 теңге. Су бұру бойынша орташа тариф жобасы 142,56 теңге/м3 құрады, өсім 16,26 теңге, оның ішінде жеке тұлғаларға тариф 71,22 теңге/м3 құрайды, өсім 8,2 теңге.
Осылайша, департамент монополист субъектілердің өтінімдерін мұқият талдап, жария тыңдауларды өткізіп, тарифтерді келесі мөлшерде бекіту туралы шешім қабылдады (барлық тарифтер ҚҚС-сыз көрсетілген):
«Жетісу су құбыры» ШЖҚ ҚМКК:
– сумен жабдықтау бойынша орташа тариф 147,03 теңге/м3 құрады, өсім 15,48 теңге, оның ішінде жеке тұлғаларға тариф 66,22 теңге/м3 құрады, өсім 7,0 теңге; 
– су бұру бойынша орташа тариф 142,56 теңге/м3 құрады, өсім 16,26 теңге, оның ішінде жеке тұлғаларға тариф 71,00 теңге/м3 құрады, өсім 7,98 теңге.
Тарифтің өзгеруі сумен жабдықтау саласындағы субъектілердің өндірістік персоналының жалақысын орта есеппен 24,60%-ға, су бұру саласында орта есеппен 22,90%-ға, электрмен жабдықтау саласында орта есеппен 50%-ға Жетісу облысы бойынша статистика деректеріне сәйкес ұлғайды. 
Сондай-ақ, халықтың осал топтары тұрғын үй көмегі тетігі есебінен (әкімдіктер есебінен) тарифтердің өсуінен қорғалатынын атап өтеміз. 
Тұтастай алғанда, тариф белгілеу үдерісі жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз етуді ескере отырып, монополист субъектілердің ұсынылған материалдарына негізделеді және бірінші кезекте коммуналдық қызметтердің тұтынушылар үшін ыңғайлы болуын көздейді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің  табиғи монополияларды реттеу комитетінің
Жетісу облысы бойынша департаменті