Оқи отырыңыз
73 жастағы қазақстандық зейнеткер Түркияның Самсун қаласына жаяу жетті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Massaget.kz сайтының дерегіне сүйеніп.
Түркияға сапарын қазақстандық зейнеткер Сәрсенбай Қотырашев Атыраудан 2 тамызда бастаған. Саяхатшы Instagram желісіндегі парақшасына Түркияның Самсун қаласына жеткені туралы жазба жариялады.
"Әсем порт қаласы Самсунда өзіміздің қазақстандық студенттермен кездесу", - делінген жазбада.
Айта кетейік, қарт саяхатшы сапарының егжей-тегжейін Желідегі парақшасына жариялап отырады. Ол әлемді жаяу жүріп саяхаттауды былтыр Қазақстанның көрікті жерлерінен бастаған. Түркиядан соң Франция, АҚШ-қа жоспарланған 180 күндік сапарын бастайды.
Фото: instagram.com/ulytaumen