Бір топ депутат “Адал тұлға” сыйлығымен марапатталды

Уақыты: 11.12.2023
Оқылды: 653
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мәжіліс депутаттары "Адал тұлға" сыйлығымен марапатталыпты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы newsroom.kz сайтына сілтеме жасап.

9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күні - lX Ұлттық сыйлығы "Адал тұлға" медалімен бір топ депутаттар Ермұрат Бапи, Ерлан Саиров, Бақытжан Базарбек, Қазыбек Иса, Ринат Зайытов және Мақсат Толықбай марапатталды.

Бұл туралы Мақсат Толықбай өз инстаграмында бөлісті.

Бапи Ермұрат Сейтқазыұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі 1959 жылдың 7 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылында туды, үйленген, 7 баласы бар. 

Саиров Ерлан Бияхметұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Соңғы лауазымы: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Базарбек Бақытжан Жұмабекұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі 1981 жылғы 4 маусымда Жамбыл облысының Жамбыл (Тараз) қаласында туған.

Иса Қазыбек Жарылқасынұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі 1962 жылы 23 сәуірде Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Бірінші мамыр ауылында дүниеге келген.

Зайытов Ринат Рифхатұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі 14 қараша 1984 жылы Абай облысы, Аягөз ауданы, Өркен ауылында туған. 

Толықбаев Мақсат Мәлікұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі 1988 жылы 11 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының Күршім ауылында туған.